Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11761 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2016 жылғы № 525 Бұйрығына сәйкес
«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 511 және ҚР Қорғаныс министрінің 27.06.2016 жылғы № 313 Бірлескен бұйрығын қараңыз
«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 29 сәуірдегі
 № 526 бұйрығымен бекітілген
Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары
1. Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғарыш түсірілімдері – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппараттарымен жүзеге асыратын түсірілімдер;
2) Жерді қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған алғашқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық коррекция)нәтижесінде алынған материалдар;
3) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін басқаруды және оны пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) қазақстандық пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін өз мүддесінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
5) шетелдік пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін пайдаланатын шетелдік жеке және заңды тұлғалар. 
3. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау және Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) деректерін кейіннен таратумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы (бұдан әрі – Заң), «Экспорттық бақылау туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарының, Қазақстан Республикасының халықаралық құқық келісімшарттардың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. ЖҚЗ ҒЖ операторы ЖҚЗ деректерін ұсыну бойынша көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға жылына бір реттен сиретпей ұсынады.
2. Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібі 
1–параграф. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау
5. ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеу нәтижелерінің құпиялылық дәрежесі Заңға сәйкес айқындалады.
6. ЖҚЗ деректерін алуды жоспарлау мақсатында жыл сайын, жоспарланған жылдың алдындағы 1 желтоқсанға дейін пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдерінің негізінде қалыптастырылған ғарыштық түсірілімдер жоспарының жобасы құрылады.
Осы тармақта көрсетілге ЖҚЗ деректерін алуға өтінім осы Қағидаларға қосымшадаға нысанға сәйкес ресімделеді және ЖҚЗ ҒЖ операторының геопорталы арқылы қабылдануы мүмкін. 
7. Ғарыш түсірілімдері жоспары бір жылға жоспарланған жылдың алдында жылдың отызыншы желтоқсанынан кешіктірмей ЖҚЗ ҒЖ операторы бекітеді.
8. Ғарыш түсірілімдері жоспары ай сайын, ал мемлекеттік органдар үшін жедел түсірілімдер жүргізу қажет болған кезде, түсірілімдердің көрсетілген мерзіміне дейін кемінде бір аптадан кешіктірмей нақтылануы мүмкін.
2–параграф. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату 
9. ЖҚЗ деректерін алумен, өңдеумен және таратумен байланысты қызмет ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету мүддесінде жедел түсірілімдерді жүргізуге қатысты ЖҚЗ деректерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары алуына арналған өтінімдер басым тәртіппен орындалады.
11. Табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ұсынған ЖҚЗ ҒЖ-нің ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдер басым тәртіппен орындалады.
12. ЖҚЗ деректерін алуға арналған өтінімдерді орындау, егер олар өтініштерде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келсе, ЖҚЗ мұрағаттық деректерін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін.
13. ЖҚЗ ғарыш аппаратынан тікелей алынған алғашқы деректер автоматты режимде алдын ала өңдеуден өтеді. Ол өңдеу радиометриялық және геометриялық коррекция болып табылады.
14. ЖҚЗ ҒЖ операторы алынған ЖҚЗ деректерінің ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізгеннен кейін қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға ЖҚЗ деректерін жеткізуге арналған шарттарды іске асырады.
15. ЖҚЗ ҒЖ операторы ғарыш түсірілімдері жоспары орындалуының есебін жүргізеді, ЖҚЗ деректерінің, олардың сараптама нәтижелерінің, қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерімен айналым процесі мониторингінің нәтижелерімен материалдардың мұрағаттарын (қорларын) қалыптастырады.
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш
 жүйесінің ұлттық операторы Жерді
 қашықтықтан зондтау деректерін
 алу, өңдеу және тарату, ғарыш
 түсірілімдерін жоспарлау
 қағидаларына қосымша
Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алуға арналған өтінім
ЖҚЗ деректеріне Тапсырыс берушінің ұйым атауы _______________________
ЖҚЗ соңғы тұтынушысы ________________________________________________
ЖҚЗ деректерін қолдану мақсаты ______________________________________
Атауы Деректер Белгі
1. Түсірілім орны (ел, облыс, қала, аудан және т.б.)    
2. Ғарыш түсірілімі ауданының географиялық координаттары
(екі немесе төрттен аса нүктелердің ғарыш түсірілімі қажет болған жағдайда төменде тиісті қатарлар қосу керек)
1-нүкте  
Ендік Бойлық  
2-нүкте  
Ендік Бойлық  
3-нүкте  
Ендік Бойлық  
4-нүкте  
Ендік Бойлық  
3. Түсірілімдерді жүргізу мерзімдері    
4. Басымдық Қарапайым  
Жедел  
5. Қолдану аясы Ауыл шаруашылығы  
Картаға түсіру және жерге орналастыру  
Орман шаруашылығы  
Теңіз және жағалау аумақтары  
Табиғи ресурстар және инженерлік желілер  
ТЖ қауіптері  
Қалалық жоспарлау  
Басқа  
6. Өнім түрі 1 м/пиксель
(панхроматиялық арна)
 
4 м/пиксель
(4 мультиспектрлік арна)
 
6,5 м/пиксель
(5 мультиспектрлік арна)
 
7. Алдын ала өңдеу деңгейі L1A – Радиометриялық түзетілген бейне  
L2A – Геометриялық түзетілген бейне  
L3 – Ортотрансформатталған бейне  
L4 – Бедердің сандық үлгісі  
L5 – Мозаика  
8. Бұлттық қабат 20% және 30% арасында  
20% төмен  
10% төмен  
Риясыз кепілдіктер (егер 5% төмен болса)  
9. Клиенттің түсіндірмесі  
Полная версия
ИС BestProfi