«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 508 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11776 тіркелді
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлі _________________Досаев Е.А. 2015 жылғы 26 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі __________________Қасымов Қ.Н. 2015 жылғы 22 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _________________Школьник В.С. 2015 жылғы 12 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 508 бұйрығымен бекітілген
Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 1-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі суда жүзетін кемелерін техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың ережесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының аясында пайдаланылатын, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді қоса алғанда, ішкі су көлігі кемелеріне қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік мерзімі - пайдалану кезеңі, ол аяқталғанға дейін жұмысты орындаушы (жасау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету) кеменің (кеме техникасының) техника-пайдалану сипаттамалары мәндерінің белгіленген талаптар деңгейінде сақталуына осы Қағидаларды сақтаған жағдайда кепілдік береді.
2) Кеме қатынасы тіркелімі - ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жіктейтін және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорын;
Полная версия