Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11800 тіркелді
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.07.2024 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
1. Осы Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның кадастры мен мониторингi (бұдан әрi – есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттiк басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлiлігі мен мекендейтiн ортасын сақтау мақсаттарында жүргiзiледi. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесiнiң жай-күйi мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтiн ортасы, саны, жүйелi түрде байқаулардың нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректердi қамтиды.
3. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық нысанда жүргiзедi.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.07.2024 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және мәліметтерді уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне бередi.
4. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингi жануарлардың топтары: сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, омыртқасыздар бойынша жүргiзiледi.
5. Жануарлар дүниесiн есепке алу, оның кадастры мен мониторингiн жүргізу аң аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша және балық аулау объектiлерiне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын балықтар және басқа да су жануарлары бойынша жүзеге асырылады.