Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11870 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 29 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес
Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 17) тармақшасына және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 жылғы № 281 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі
Осы Ереже өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 506 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығымен (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығыиен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 жылғы № 281 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6 - бабының 17) тармақшасына және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін және "өнімді Қазақстан Республикасының
2. Егер межелі елге Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Ереженің күші қолданылмайды және өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) берілмейді.
3. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (12.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Рұқсат келісім-шартқа (шартқа) енгізілген өнім атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің бір атауына ресімделеді.
8. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал):
1) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру және беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде пайда болған, одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтарды тану " (егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болып табылған жағдайда, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді).
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-стандарт) баяндалған. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
11. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 10 (он) жұмыс күні ішінде құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
13. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне басшының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
14. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсатты және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
(өтініш берушінің толық атауы; заңды тұлғаның БСН/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН; мекенжайы, телефоны
3. Қайта өңдеуші, оның мекенжайы, телефоны
4. Межелі ел
5. Қайта өңдеу сипаты
6. Мемлекеттік кірістер органы
7. Өнімнің атауы
8. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өнім коды
9.Бақылау тізім бойынша өнім коды
10. Өлшем бірлігі
11. Саны
12.Қайта өңдеу өнімдерінің атауы
13. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өнім коды
14. Бақылау тізім бойынша өнім коды
15. Өлшем бірлігі
16. Саны
17. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі)):
18. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетінін растайды.
19. Өтініш беруші _______________________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Өнімді Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге
рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (12.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады
7
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін.
8
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2)өнімді қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шарты (келісім-шарт);
3) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру және беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде пайда болған, одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтарды тану (егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болып табылған жағдайда, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді).
10
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
11
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен жайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - www.gov.kz/memleket/entities/miid.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі»;
2) көрсетілетін қызметті беруші - www.gov.kz/memleket/entities/comprom «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
3) www.egov.kz порталдары мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777
Өнімді Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге
рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (12.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті
Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Нұр-Сұлтан қ.
Нұр-Сұлтан қ.
Нөмір:[Құжаттың нөмірі]
Берілген күні:
[Берілген күні] жылы
[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.