«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 58-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11930 тіркелді
Редакция 13.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ___________________ Е. Досаев 2015 жылғы 10 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзiрлендi және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы: теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен жүзуi кезiнде; iшкi суда жүзу кемелерiне, «өзен-теңiзде» жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде қолданылады.
Полная версия