Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 552 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11805 тіркелді
«Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде тиісті ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге жүргізіледі.
3. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ олардың алған жарақатының, мертігуінің, ауруының мән-жайларын тексеру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жүргiзiледi.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.08.2017 жылғы № 155/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза табу (қайтыс болу) фактілерін растайтын қорытынды, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертiгуінің, ауруының салдарына байланысты мүгедектік белгілеу туралы қорытынды енгізілген сәттен бастап, онымен еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) жұмыс беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтiнiш беру мүмкіндігі туралы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды (бұдан әрі – алушы) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес күнтiзбелiк жеті күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.
1) қайтыс болу туралы куәлiгiнің немесе қайтыс болғаны туралы хабарлама;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алынған жарақатының, мертігуінің, ауруының себертеріне байланысты белгіленген мүгедектік туралы жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi;
6. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.
Талап етiлетін құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда, қайтару себептерi көрсетiлiп, құжаттарды ұсынған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтiнiш берушiге қайтарылады.
8. Алушыға бiржолғы өтемақы төлеудi уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес тәртіппен бюджет қаражаты есебінен алушының Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынған сәттен бастап үш ай iшiнде жүзеге асырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 322/НҚ Бұйырығына сәйкес (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге
қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан мүгедектік
белгіленген кезде, сондай-ақ ол
қызметтік міндеттерін атқаруға
байланысты қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына 1-қосымша
Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге
қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан мүгедектік
белгіленген кезде, сондай-ақ ол
қызметтік міндеттерін атқаруға
байланысты қаза тапқан (қайтыс болған)
жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына 2-қосымша