Близость слов: Окончание:





Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 қарашада № 9860 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.09.2018 жылғы № 681 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 17.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек 
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2014 жылғы 30 қазандағы № 113
 бұйрығымен бекітілген
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.09.2015 жылғы №  959 Бұйрығымен (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс (бұдан әрі – тендер) өткізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) қаржы институты – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингілік компаниялар;
2) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
3) тендерлік өтінім – тендерді ұйымдастырушыға тендерге қатысушы ұсынған, тендерді ұйымдастырушының және осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;
Полная версия
ИС BestProfi