Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11956 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші көбейтілген тұқым – бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқым;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік аналық нысаннан асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары;
3) екінші көбейтілген тұқым – бірінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым; 
4) үшінші көбейтілген тұқым – екінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым.»;
«6. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен 2015 жылы және егістің алдыңғы жылына жыл сайын 20 желтоқсанға дейін келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі, олар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (пайдалану) нормаларынан 2 еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және кіші жағына) тиіс.»;
1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұқым өсіру шаруашылықтарынан, тұқым сатушылардан, шетелдік компаниялардан және олардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен сатып алады;
2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске пайдалануға;
3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге;
4) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын тұқым өсіру шаруашылықтарынан, тұқым сатушылардан, шетелдік компаниялардан және олардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен сатып алады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:»;
Полная версия
ИС BestProfi