Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10907 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 268) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.12.2024 жылғы № 483 Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 268) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.12.2024 жылғы № 483 Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 жылғы № 471 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)