Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 251 бұйрығына
 6-қосымша
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен ерте жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады. Патент беру туралы мәліметтер жарияланумен қатар, көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге дайындауға және жариялауға төлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру үшін олар өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат және мәні бойынша сараптама жүргізуге төлем туралы құжатты берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Полная версия
ИС BestProfi