Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2016
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 173 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11547 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 жылғы № 1178 Бұйрығына сәйкес
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 2 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
__________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 173 бұйрығымен бекітілген
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидалары
1. Осы Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) жобаның өнімі - жобаны іске асыру үдерісінде технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін пайдалана отырып, өтініш беруші өндіруге жоспарлаған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсету;
2) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
Полная версия
ИС BestProfi