Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 4 маусымдағы
 № 348 бұйрығына
 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес 
«Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығымен (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен

1. «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ҚКО);
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою және оларды тіркеу деректеріне өзгерту;
2) жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебінен шығару және жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебінен шығару туралы ақпаратты уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына орналастыру, жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен кезінде тіркеу есебінен;
3) стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
1) құжаттарды қабылдау – 20 (жиырма) минут:
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер:
Полная версия
ИС BestProfi