Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 4 маусымдағы
 № 348 бұйрығына
 3-қосымша
«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 12.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ҚКО) арқылы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы филиал ашпай, сақтандыру ұйымдарында (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агентте, дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікте, консулдық мекемеде қызметін жүзеге асырушы резидент емес, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалар, резидент емес – заңды тұлғалар туралы мәліметтерді СТ МДБ енгізген кезде) тіркеу куәлігін беру;
2) Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздемелер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
1) құжаттарды қабылдау – 20 (жиырма) минут:
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер: 
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді (жеке тұлғаның мүддесін білдіру кезінде нотариат куәландырған сенімхаттың болуын тексереді, онда көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің өкілеттігінің нақты тізбесі көрсетілуі тиіс немесе заңды тұлғаның мүддесін білдіруде сенімхат ұсыну кезінде басшының қолының және заңды тұлғаның мөрінің болуын тексереді) – 2 (екі) минут;
Полная версия
ИС BestProfi