Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 4 маусымдағы
 № 348 бұйрығына
 6-қосымша
«Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 12.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжатарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ҚКО) немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік қызметті (келісімді) көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
 берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
 тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
1) құжаттарды қабылдау – 20 (жиырма) минут:
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер: 
Полная версия
ИС BestProfi