1. «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 15-қосымша
15-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
«Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығымен (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығымен (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер алу үшін сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінің «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеуші кабинеті) арқылы;
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды(толық автоматтандырылған) түрде.
3. Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесіболыпберешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді электронды түрде жіберу.
Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесін беру нысаны: электронды түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілік тәртібі көрсетілген функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлі қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеледі, ол қызмет алушының интернет-браузерінде сақталады, жүйемен автоматты түрде жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – ЖК МДҚ/ЗТ МДҚ) қызмет алушы туралы мәліметтер алынып, сақталады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН енгізу процесі (авторландыру процесі) не мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда парольді авторландыру;
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердiң түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдап алуы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерi туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) автоматты сұрау салулар жіберу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ғы деректерiн тексеру;
Полная версия