Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.06.2021
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырағы № 4-2/416 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11777 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 27 мамыр
* әр құрылымдық бөлімше бойынша толтырылады (бар болса).
Полная версия
ИС BestProfi