Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12009 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 4 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 4-1/618 бұйрығымен
бекітілген
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) классерлік әдіс – мақта жөніндегі сарапшы (классер) жүзеге асыратын, сұрыбы, сыныбы және штапельдік ұзындығы бойынша мақта талшығын қолмен бағалау;
2) мақта талшығының иесі – меншік құқығында мақта талшығы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) мақта талшығының сапасы – стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақта талшығының тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
4) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілері – мақта талшығының нақты сұрыбы мен сыныбына тән түсі, дақтарының болуы, құрылымы және ластануы бойынша мақта талшығының сапа сипаттамаларының жиынтығын білдіретін, бекітілген немесе белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген үлгілер.
Полная версия
ИС BestProfi