Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11573 тіркелді
Редакция 30.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
Қ.Қасымов __________________ 
2015 жылғы 2 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 551 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдардың жиынтығы (әуе кемелері, оның борт жабдықтары және агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық құралдары, құтқарудың авиациялық құралдары, тренажерлер жиынтығы (жазғы симуляторлар), әуе қозғалысын басқарудың толықтырушы заттары, техникалық құралдары, қондыру мен байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға арналған жалпы және арнайы жерүсті ұшуларды қамтамасыз ету құралдары, әуе қозғалысын және жерүсті ұшуларды басқаруды ұйымдастыру;
2) авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша ұйым (әрі қарай – ТЖ және ТҚК бойынша ұйым) - авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын әрі авиациялық техниканы жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету ұйымының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Полная версия
ИС BestProfi