Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-3/610 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12019 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_________Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 28 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_________ Е. Досаев 
2015 жылғы 6 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 7 шілдедегі
 № 4-3/610 бұйрығымен
 бекітілген
Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары
1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
2) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстары – тұқымдық мақсаттар үшiн пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiгiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттiк қорлары;
Полная версия
ИС BestProfi