Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11395 болып тіркелді
Редакция 19.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.04.2020 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.09.2024 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес (31.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 17 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
_______________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 10 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы мамыр
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 206 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 жылғы № 605 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 494 Бұйрығымен (12.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.08.2019 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.04.2020 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралының габаритін, салмағын және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын, автокөлік құралдарымен тасымалданатын бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.09.2024 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес (31.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаумен байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі – тасымалдаушылар).
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2021 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi