Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.02.2016
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11556 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1165 Бұйрығына сәйкес
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 2 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
__________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 172 бұйрығымен бекітілген
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) алушы - осы Қағидаларға сәйкес салалық конструкторлық бюролардың қызметтерін көрсету үшін өтінімі қабылданған өтініш беруші;
2) бірлесіп орындаушы - алушыға салалық конструкторлық бюролар қызметін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде салалық конструкторлық бюроларға тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi