«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.09.2021
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11626 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 11 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесін тіркеу журналының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес және санитариялық-індетке қарсы және санитариялық алдын-алу шараларын жүргізу туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулыларын тіркеу журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу туралы журналының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды тіркеу журналының нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілері мен радиобелсенді заттардың қозғалысын есепке алу журналының нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес санитариялық- эпидемиологиялық тексеріп қарау актісінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулының нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулының нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулысының нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның нысаны;
Полная версия