Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 24 тамыздағы
 № 7-1/764 бұйрығына
 2-қосымша
«Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәлігі (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бұйрығымен643429892]] бекітілген «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұранымының болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға берген өтінішін тіркейді, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысына (бұдан әрі – басшы) жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні;
өтініш беруші өтініште көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде басшылық қол қойған өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін қеңсеге жібереді;
Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін ресімдейді, басшыға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жазбаша дәлелді бас тартуды қол қою үшін жолдайды – екі жұмыс күні;
4) басшылық ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды (электрондық құжатқа электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды), кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
Полная версия
ИС BestProfi