Близость слов: Окончание:





Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11928 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.12.2018 жылғы № 865 Бұйрығына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 31.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.12.2018 жылғы № 865 Бұйрығына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 2 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрі міндетін атқарушының
 2015 жылғы 17 маусымдағы
 № 705 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері
Нормативтер жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.12.2018 жылғы № 865 Бұйрығына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

р/с

Облыстардың атаулары

Ағымдағы жөндеу

Күтіп-ұстау

Жол қызметін басқару

1

Ақмола

229,45

535,95

63,01

2

Ақтөбе

218,13

492,77

63,01

3

Алматы

199,04

426,36

63,01

4

Атырау

117,27

392,53

63,01

5

Шығыс Қазақстан

248,93

456,67

63,01

6

Жамбыл

194,38

456,42

63,01

7

Батыс Қазақстан

205,41

476,59

63,01

8

Қарағанды

209,43

519,07

63,01

9

Қызылорда

132,18

415,32

63,01

10

Қостанай

200,67

469,83

63,01

11

Маңғыстау

109,57

402,33

63,01

12

Павлодар

208,59

462,21

63,01

13

Солтүстік Қазақстан

213,83

455,17

63,01

14

Түркістан

134,79

415,91

63,01

1. Күтіп-ұстауға арналған нормативтер көгалдандыру және автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.
2. Жол қызметін басқару нормативтері мынадай жұмыс түрлерінің шығындарын қамтиды:
1) автомобиль жолдарын диагностикалау, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 34,05 мың теңгені құрайды;
2) автомобиль жолдарын паспорттандыру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 27,04 мың теңгені құрайды;
3) нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 1,92 мың теңгені құрайды.
3. Жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері ақылы автомобиль жолдарындағы жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, интеллектуалдық көлік жүйесін жөндеу және күтіп-ұстау шығындарын қамтымайды.
4. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі - ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген.
5. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге көшу бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.
6. ҚҚС «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.
7. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:

Жұмыс түрі

Автомобиль жолдарының санаттары

Iа/Iб

8 жолақ

Iа/Iб

6 жолақ

Iа/Iб

4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47


 

Күтіп-ұстау

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73


 

Полная версия
ИС BestProfi