Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12109 болып тіркелді
Редакция 05.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 7 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 27 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ В. Школьник 2015 жылғы 17 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығымен бекітілген
Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2016 жылғы № 208 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.08.2020 жылғы № 183 Бұйрығымен (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 17.07.2023 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (06.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік су кадастры (бұдан әрі – МСК) су объектілерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендірілген ресми деректер жиынтығын білдіреді.
3. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректері жер үсті және жер асты су объектілерінің сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша жай-күйін, олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік дәрежесін, зерделенуі мен пайдаланылуын сипаттайды.
Полная версия