Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
1-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
1-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi