Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11927 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.02.2023 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес (12.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
1
Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі және өндірістік үй-жайлар және пестицидтерді сақтауға арналған қойма үй-жайларынан, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған жабдықтардан тұратын өндірістік-техникалық базаның болуы.
Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарттарының көшірмесі немесе осы шарттар бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда, сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттары;
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалдау /өтеусіз пайдалану/бір жылдан астам мерзімге сенімгерлік басқару) үй-жайлар болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынады
2
Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізуге арналған аккредителген зертхананың не аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың болуы
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
3
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым дербес бекіткен әрбір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының болуы
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
4
Ұйым стандартына сәйкес өтініш беруші бекіткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсіптік) регламенттің болуы
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
5
Басшылар мен мамандардың мынадай білікті құрамының болуы:
пестицидтерді өндірумен (формуляциялаумен) тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық, технологиялық және агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жылды құрайтын басшылар (кемінде 2 (екі) адам) және тиісті жоғары химиялық немесе технологиялық білімі немесе арнайы орта химиялық немесе технологиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жылды құрайтын мамандар (кемінде 3 адам)
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
Пестицидтерді өткізу жөніндегi қызметтің кіші түрі үшін
6
Пестицидтерді сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы
Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе шарт бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда, жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі «мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынады
7
Басшылар мен мамандардың мынадай білікті құрамының бар болуы:
пестицидтерді өткізумен тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (екі) жылды құрайтын басшылар және тиісті жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі немесе арнайы орта техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жылды құрайтын мамандар
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өткізу жөніндегі қызметті қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
8
Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі арнайы техниканың болуы
Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
9
Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы
Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
10
Пестицидтерді сақтауға арналған, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы
Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе шарт бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда, жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі «мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынады
11
Мамандардың біліктілік құрамының болуы:
пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолданумен тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық немесе агрономиялық білімі немесе мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар арнаулы орта техникалық немесе агрономиялық білімі бар мамандар (кемінде 2 (екі) адам)
Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
Пестицидтердi өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік
және фумигациялық тәсiлдермен
қолдану жөнiндегi қызметке
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша
4. Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізуге арналған аккредителген зертхана туралы не аккредиттелген зертханалармен жасалған шарт туралы мәліметтер:
5. «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым бекіткен әрбір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының бар-жоғы туралы мәліметтер:
6. Ұйым стандартына сәйкес өтініш берушi бекiткен пестицидтердi өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсiптiк) регламенттің бар-жоғы туралы мәліметтер:
Пестицидтердi өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi
аэрозольдік және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша
Мамандығы бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер)
Пестицидтердi өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi
аэрозольдік және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
3-қосымша
Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі берген көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бар-жоғы туралы мәліметтер:
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы берген техникалық паспорттың бар-жоғы туралы мәліметтер: