Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12065 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 4-6/1114 Бұйрығымен (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жүргізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына бекiту туралы қағидаларға сәйкес аттестатталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, бірегей және элиталық тұқым бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымның өндірушілер үшін жүргізіледі.
4. Тұқым сапасына сараптаманы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 30.07.2025 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)