Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 705 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12160 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуді жүзеге асыратын медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарына (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
1) өтініш беруші – төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құрылымдары;
2) жүкті алушы - төтенше жағдайларды жоюға арналған материалдық-техникалық құралдардың құрамында көмекті қабылдауға өкілеттілігі бар төтенше жағдай болған аумақтағы елдің сенімді адамы.
2. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
4. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері берген (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатының негізінде (бұдан әрі – рұқсат беру құжаты) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжаты нысанда жүзеге асырылады.
5. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында көзделген көлікпен жүзеге асырылады.
7. Өтініш беруші жүктерді жеткізуді қамтамасыз етеді және бірінші кезекте қызмет көрсетуді және қысқартылған кедендік рәсімдерді пайдалануды қамтамасыз ету үшін шекарадан өту бекеттерінде кеден органдарына жүк туралы мәліметті хабарлайды.
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде (CD-R, CD-RW, Flash, DVD-R, DVD-RW) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатын беруге өтініш;
2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы медицина ұйымы әкеткен жағдайда);
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі) (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары әкеткен жағдайда);
9. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін белгіленген орнына дейін жүктің келуіне қарай медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары жүкті алушыға жүктің құрамы, көлемдері (салмағы алатын орнының саны) туралы хабардар етеді.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды одан әрі қарауда дәлелді бас тартуды шығарады.
12. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкету «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
13. Көмек көрсетуге арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкетуді жүзеге асыратын ұйымдар есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды есепке алу мен күзетуді қамтамасыз етеді.
14. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібінде шағым жасауға болады.
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 1-қосымша
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 2-қосымша
Ерекшелік (қосымша, инвойс, жүкқұжат) жасалған күн
Фармацевтикалық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні
Медициналық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні
Мемлекеттік органның медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаны қабылдағаны туралы талонның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының хабарламаны қабылданғаны туралы белгісі бар талонның нөмірі және берілген күні