Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 9 шілдедегі
 № 4-2/626 бұйрығына
 1-қосымша
Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жерге егiп бағалау – тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;
2) зертханалық сорттық сынақтар – тұқымдардың белгiлi бiр сұрыпқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сұрыптық тазалығын анықтау.
3) сорттық бақылау – ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
4) тұқымдар – өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;
5) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылығы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі – мемлекеттік тұқым инспекторлары) жүзеге асырады.
4. Жерге егіп бағалауды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) жүргiзедi.
2. Сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
5. Сорттық және тұқымдық бақылау тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;
Полная версия
ИС BestProfi