Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-1/620 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қыркүйекте № 12092 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.06.2016 жылғы № 253 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) және 15) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 9 шілдедегі
 № 4-1/620 бұйрығына
 1-қосымша
Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидалары
1. Осы Астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Полная версия
ИС BestProfi