Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңы
Құжат мәтініндегі «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» сөздері «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 366-V Заңы бойынша (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 204 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - бұл автордың:
1-тармақша өзгертілді ҚР 21.01.2014 жылғы № 167-V Заңымен (17.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне;
сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы.
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 366-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 01.01.2023 № 182-VII Заңымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.01.2023 жылдан бастап)
2) адам мекендейтiн орта - адам тұратын орта. Мекендеу ортасы мыналарды қамтиды:
2-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2007 жылғы № 213 Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақша өзгертілді ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетi мен жер асты суларын, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара әрекетiндегi климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлер жиынтығы;
сәулеттiк-ландшафтық орта - адам шаруашылық қызметтi және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттiк нысандар ұштастырылған кеңiстiк. Әдетте, бұл елдi мекендер ортасы, ол адамның өмiр сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйiн айқындайды;
қолжетімді (кедергісіз) орта – орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты;
iшкi орта - тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иiстердi, жанған өнiмдердi, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;
3) айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi - аумақтарды, елдi мекеннiң, жылжымайтын мүлiктiң жекелеген объектiсiнiң аумағын пайдаланудың арнаулы ережелерi (тәртiбi) енгiзiлмей, жалпыға бiрдей қабылданған ережелерге (тәртiпке) ерекшелiктер белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкiн болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;
3-1) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі – объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығы берілген заңды тұлғалардың бірыңғай тізбесі;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-2) аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4) антропогендiк әсер ету - табиғатқа, қоршаған ортаға, елдi мекенге адам қызметiнiң түрлi ықпал ету нәтижесiнде туындаған оң және терiс әсер етулер. Терiс әсер тигiзiлген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттiгi туындайды;
Полная версия