Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
 жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
 (қаржы полициясы) Төрағасының
 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171
 бұйрығына 3-қосымша
 Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру қағидалары
Осы Қағидалар күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
1. Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 22 -28-бабында көзделген ережелерді іске асыруға әзірленген және алғашқы, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар берудін нақтылайды.
2. Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын беруді, қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі – ҚПО) кадрларына қабылдауды Агенттік Төрағасы, қатардағы және кіші басшы құрамның қаржы полициясы органдары мен бөлімшелерінің уәкілетті басшылары жүргізеді.
Лауазымдар номенклатурасына байланысты орта басшы құрамның кезекті атақтарын беруді Агенттік Төрағасы немесе қаржы полициясы органдары мен бөлімшелерінің уәкілетті басшылары, аға басшы құрамның Агенттік Төрағасы жүргізеді.
3. Орта, аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындалатын тұлғалар оларға арнаулы атақтар берілгенге немесе ҚПО кадрларына қабылданғанға дейін атқарып отырған лауазымдары бойынша қызметтік міндеттерін қызметшілер ретінде атқарады.
4. Арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы немесе әскери атақ берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдарда атқарған қызметтің нақты уақыты (арнаулы атақ берілген, ҚПО кадрына қабылданған күннен бастап қызметтен шығарылғанға дейін) кіреді.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы атақтар берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
5. Басшы құрамды арнаулы атақ беруге уақтылы ұсыну, сондай-ақ ұсыныстарда көрсетілген мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік пен бақылау ҚПО бастықтары мен кадр бөлімшесіне жүктеледі.
6. Қызметкерді кезекті арнаулы атақ беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда тиісті арнаулы атақ оның алдындағы арнаулы атақта болу мерзімі өткеннен кейінгі күннен бастап беріледі.
7. Бір қызметтен (бөлімшеден) басқаға ауысқан қызметкерлерге, басқа арнаулы атақтар белгіленген жеке құрам үшін арнаулы атақтар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 7-тармақшасында көзделген тәртіпте беріледі. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкердің өзінде бар арнаулы атағынан төмен болмауы тиіс.
8. Басқа құқық қорғау және арнайы органдардан, Қарулы Күштерден, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарынан қызмет өткеру үшін ауыстырылған адамдардың атақтарын теңестіру Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен жүргізіледі. Бұл ретте ҚПО кадр қызметтері лауазымға келген қызметкерді тағайындағаннан кейін Агенттіктің кадр бөлімшесі ұсынысты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда есепке алу карточкасын және нөмірлері бойынша есепке алу карточкаларын жібереді.
Теңестірілгеннен кейін жаңа арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі мұның алдындағы осыған тең арнаулы (әскери) атақты беру туралы бұйрық шыққан күннен бастап есептеледі.
9. Басқа жоғары оқу орындарында (оның ішінде шетелдік) оқу кезеңінде ҚПО қарамағына қабылданған ҚПО қызметкерлеріне арнаулы атақты беру олар қызметке шыққаннан кейін және қызметтік жұмыста нәтижелерге қол жеткізгеннен кейін, алдыңғы атағында белгіленген қызмет өткеру мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі. Атқарып отырған лауазымы бойынша шекті атағына сәйкес келу кезінде оларға кезекті арнаулы атағы беріледі, бұл ретте кезекті арнаулы атақты беруге ұсыныстарда және осы атақты беру туралы бұйрықта алдағы арнаулы атағының еңбек сіңірген мерзімінің өту күні ескеріледі.
10. Баласы 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша әлеуметтік демалыстағы ҚПО қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға бұл уақыты арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзіміне, сондай-ақ ҚПО-дағы үздіксіз қызмет ету өтіліне байланысты айқындалатын лауазымдық жалақысын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін өтілі арқылы қандай да бір жеңілдік алуға болатын басқа да жағдайларда коэффицент белгілеу үшін жұмыс өтіліне есептеледі. Шекті атағы атқаратын лауазымына сәйкес келген жағдайда бұрынғы атағындағы еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін арнаулы атақты беру сәтінде органның қарамағында болғанына немесе болмағанына қарамастан, оларға кезекті арнаулы атақ беріледі.
11. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген кезеңде олар берілген атақта белгіленген мерзімді өткерген, ал жаңа атақ атқаратын лауазым бойынша шекті атақтан жоғары болмаса, құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген орта және аға басшы құрамның адамдарына ҚПО кадрларына қайта енгізілген кезде оларда бар арнаулы атақтан бір саты жоғары атақ берілуі мүмкін.
Егер арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінің, Қарулы Күштер офицерлерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары офицерлерінің әскери атақтарын беру мерзімі оларды ҚПО кадрларына қабылданғаннан кейін аяқталса, кезекті арнаулы атақты беру жиынтық есептеу арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
12. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған адамдардың арнаулы атақтағы еңбек сіңірген мерзіміне олардың әскери қызмет өткеру кезеңіне сәйкес әскери офицерлік атақтарындағы, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде, құқық қорғау органдарында орта және аға басшы құрам атақтарында қызмет өткерген кезеңдегі, прокуратура органдарының сыныптық шендерінде, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген қызмет өткеру мерзімінің есебі бойынша қаржы полициясы органдарындағы қызметі кезеңіндегі орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарында болған мерзім есептеледі.
13. Тиісті бұйрық (немесе одан үзінді) келіп түскен жағдайда тікелей немесе тура бастығы қызметкерге арнаулы атақ берілгені туралы қызметтік мәжілістерде, жиындарда немесе жеке құрамның саптық түзеуінде жариялайды.
14. Кезекеті арнаулы атақты беруге байланысты даулы мәселелер болса, әр жағдай бойынша аттестаттау комиссиясы шешімді шығарады.
15. Кезектен тыс арнаулы атағы қызметкерлерге аса ауыр экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашқаны және тергеугені, қызметтегі айырықша ерекшеліктері үшін көтермелеу ретінде алдыңғы арнаулы атағындағы еңбек сіңірген жылдардың белгіленген мерзімінің кемінде үштен екісі өткенде және қызметкердің атағынан екі арнаулы атақ артық емес болғанда беріледі.
Ерекше жағдайда кезектен тыс атақ алдыңғы атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін.
16. Басшы құрамға атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан жоғары емес кезектен тыс арнаулы атақ берілуі мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi