1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі – ҚПО) қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін анықтайды.
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 9-қосымша
Қаржы полициясы органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары
Осы Қағидалар күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
2. Қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылу және құқық қорғау қарамағына алынуы он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Агенттік Төрағасының немесе уәкілетті басшысының бұйрығына негізінде жүзеге асырады.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес екi айға дейін ұзартылуы мүмкін.
3. Тиісті қаржы полициясы органының қарамағындағы адамдарды лауазымға тағайындау он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, бірақ лауазымнан босаған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қажет болған жағдайда қаржы полициясы органының қарамағындағы қызметкерге қарамағында болу мерзімінен аспайтын мерзімде лауазым бойынша міндетті атқару жүктеледі.
5. Қаржы полициясы органының қарамағындағы қызметкер оны лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін жұмысқа шығады және оны қарамағына алған бөлімше басшысына тікелей бағыныста болады. Қарамағына алынған қызметкердің жұмыс уақытын есептеу белгіленген тәртіптегі жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Дәлелсіз себептермен қызметте болмаған және өзінің қайда екенін кадр бөлімшесіне хабарламаған қызметкерлердің осындай санаты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстан шығарылуға жатады.
Қаржы полициясы органының қарамағындағы қызметкерлердің шығуы тек баянат бойынша қаржы полициясы органы басшысының келісімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қаржы полициясы органының қарамағындағы қызметкерлеріне оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кідірген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы беріледi. Оларға ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы уақытындағы ақшалай үлесі қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнгі негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
Қаржы полициясы органының қарамағына алынған қызметкерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданылады.
7. Қызметкердің қаржы полициясы органының қарамағында болу уақыты қызмет өтіліне, арнаулы атақты беру үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, сондай-ақ белгіленген күн тәртібінің толық көлемінде қолданылады.
Қаржы полициясы органының қарамағындағы қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстан шығарылуы тиіс.
8. Қызметкердің ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы жазбаша түрде ресімделеді.
9. Қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде қаржы полициясының тиісті органының қарамағына есепке алынады, бұл ретте лауазымы мен жұмыс орны сақталады.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-тармағына сілтеме жасай отырып, қызметкерлерге алдағы уақытта қарамағында болатыны туралы алдын ала қол қойдырып, жазбаша хабарланады.
Полная версия

