Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы – осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болғанда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік әріптес;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қолжетімділік үшін төлемақы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
6-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыру – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтерді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2022 жылғы № 101-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар – тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) сервистік келісімшарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сипаттау көзделетін құжат;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
Полная версия