"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2016
Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12076 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.10.2016 жылғы № 707 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.11.2016 жылғы № 807 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1),2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 4 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ұлттық экономика министрінің ________________ Е. Досаев міндетін атқарушы ____________ Т.Жақсылықов 2015 жылғы «_____» __________ 2015 жылғы 24 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 212 бұйрығымен бекітілді
Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру ережелері
1. Жалпы қағидалар
1. Шетелде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 21) тармақшасына cәйкес әзірленген және шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант алушы – осы Ережелерге сәйкес грант алған жеке және заңды тұлға;
2) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
Полная версия