Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12247 болып тіркелді
Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 35-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 18-02/896 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 жылғы № 258 Бұйрығымен (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 жылғы № 445 Бұйрығымен (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 20.10.2021 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (03.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 35-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер (бұдан әрi – тендерлер) өткiзу тәртiбiн белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға - тендердің екінші кезеңі барысында қалыптасатын тендер нысанының бағасы;
2) аукцион залы - тендердің екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін веб-портал бөлімі;
3) аумақтық бөлімшелер - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
4) алғашқы баға – осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайтын және белгілейтін баға;
Полная версия
ИС BestProfi