Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 21.11.2024 № 136-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 ж., 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады.
4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі.
Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
5-1. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мәртебесі, жалақысының мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті жұмыскерлеріне теңестіріледі.
1-бап 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР 21.11.2024 жылғы № 136-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 03.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады.
7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.02.2019 жылғы № 227-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін Заңның 2-бабынан қараңыз)
7-1. Кеңестің жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.
1-бап 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР 27.03.2023 жылғы № 216-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кеңес Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Сот төрелігі академиясын құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді.
9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары
Полная версия
ИС BestProfi