Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығы 
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№137 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi