Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.03.2017
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамызда № 9-3/726 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 қарашада 12305 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 8 наурыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2017 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________ Б.Т. Сұлтанов 
2015 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е.А. Досаев 
2015 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 7 тамыздағы
 № 9-3/726 бұйрығымен
 бекітілген
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары
1. Осы Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
2. Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) АӨК-нің басым бағыттары (секторлары) – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басымды бағыттар тізбесінде көрсетілген едәуір даму әлеуеті бар АӨК бағыттары (секторлары);
2) АӨК-дегі инвестициялық жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестициялар салуды көздейтін іс-шаралар кешені;
Полная версия
ИС BestProfi