Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 205-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдарын, сүт, емдеу-профилактикалық тағамын беру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 762 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қазанда № 12218 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2015 жылғы № 943 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге жуу және дезинфекциялау материалдарын беру нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық тағамын беру нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 30 қырқүйек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 762 бұйрығына 1-қосымша
Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 762 бұйрығына 2-қосымша
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге жуу және дезинфекциялау материалдарын беру нормалары
Полная версия