Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қазанда № 12216 болып тіркелді
Редакция 05.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және  3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
26 наурыздағы № 325
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49)тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар сертификатталмаған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуежайларындағы авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету – бұл әуежайдың жауапкершілік аймағында авиациялық оқиғалар мен оқыс жағдайларға ден қоюға, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдардың тұрақты дайындықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және практикалық іс-шаралардың белгіленген жүйесі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi