Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10135 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2018 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (24.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Энергетика министрлігінің 02.11.2021 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға  сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.10.2016 жылғы № 456 Бұйрығына сәйкес (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2014 жылғы 12 желтоқсан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
________________ Ә. Исекешев 
2014 жылғы 22 желтоқсан 
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы 27 қарашадағы
 № 153 бұйрығына
 1-қосымша
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 24.10.2016 жылғы № 456 Бұйрығымен (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2018 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (24.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 20) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi