Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-6/954 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12335 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 3 қараша
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 28 қазандағы
 № 4-6/954 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарына тізбесі
1. «Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11902 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларында:
«6) мақта өңдеу ұйымдарының, мақта тазалау зауыттарының, мақта дайындау ұйымдарының және мақта қабылдау пункттерінің саны;»;
«6. Мақта нарығына қатысушылар Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi органмен бекітілетін есепке алу құжаттарының нысандары және есептілікті ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – есептілік нысаны) бойынша айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ауданның жергілікті атқарушы органына мынадай:
1) мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы;
2) мақта дайындау ұйымдарында шитті мақтаның қозғалысы және мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң қозғалысы туралы;
Полная версия
ИС BestProfi