1. «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көлік құралдың жүретін жол бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органымен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына 1-қосымша
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификат (бұдан әрі - сертификаты).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 11476 тіркелген) «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтыруы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы белгілеумен 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімді қабылдауы;
Полная версия