1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына 3-қосымша
«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқық актілерді тіркеу реестріне № 11476 тіркелген) «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет корсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің құжаттары түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оның тіркеуін жүргізеді және басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:
бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;
Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 4 (төрт) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қмылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына карауға беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына қарауға беру;
3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауға беру;
4) көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын тексеріс, хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне беру;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы
3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың уақыты, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:
бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;
хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кецсесінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 4 (төрт) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет корсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
1-процесс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;
1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;
2-процесс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;
3-процесс – өтінішті тіркеу және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
4-процесс – техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарландыруын Мемлекеттік корпораңияға курьер арқылы жолдау;
2) портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеғе асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер дұрыстыгының тексеру;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілғен ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – қызметті көрсетуғе сұратуға толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
7-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарландыруын (электрондық түрде) алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарының сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпарация арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Бастапқы хабарлама;
Аяқталған хабарлама;
Аралық хабарлама;
Ақпараттық жүйе;
Процесс;
Шарты;
Хабарламалар ағыны.
«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»
Полная версия