Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12350 болып тіркелді
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 жылғы № 361 Бұйрығына сәйкес (16.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидалары
1. Осы Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының сәйкес әзірленді және жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 жылғы № 361 Бұйрығына сәйкес (16.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушы тасымалын басқару және орындарды электронды резервке қою жүйесі (бұдан әрі – БАЖ);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 жылғы № 361 Бұйрығына сәйкес (16.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) БАЖ жабдығы – терминалдық жабдық, билет-касса аппаратурасы, анықтамалық қондырғылар, ақпараттық киоскалар, ұжымдық пайдаланымдағы электронды таблолар, билет сату автоматтары мен жол жүру құжаттарын сатуға және жолаушылар тасымалы бойынша анықтамалық ақпараттар алуға арналған басқа да жабдықтар;
5) көшіру – бір елді мекен шеңберінде басқа пошталық мекенжай бойынша орналасқан ғимаратқа ауыстырған жағдайда пайдалануға қабылданған БАЖ жабдығының орнын ауыстыру;
7) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) VipNet бағдарламалық өнім (бұдан әрі – VipNet) – компьютерлік бағдарламалардың, үрдістердің, әдістемелердің, ережелердің және ілісе жүретін құжаттамалық жүйенің ақпаратты өңдеу БАЖ арқылы берілетін мәліметтерінің криптографикалық қорғау жиынтығы.
3. Ұлттық теміржол компаниясы уәкілетті органмен келісім бойынша тасымалдаушылар мен жолаушылар агенттіктерінің БАЖ-ға тасымалдау үдерісіне қатысушылардың барлығына арналған бірдей шарттармен қол жеткізуін ұйымдастырады.
8) егер терминал қорғалған VipNet желісінде бұрын тіркелмеген болса, онда VipNet бағдарламалық өніміне лицензияның болуы туралы мәлімет; егер терминал қорғалған VipNet желісінде тіркелген болса, онда өтінімде жаңа және ескі каналдық мекенжайлары көрсетіліп, негізгі базаны бір терминалдан екінші терминалға беру жөніндегі талап көрсетіледі;
4) егер заңды тұлғаның өкілеттігін бірінші басшы емес немесе бірінші басшының міндетін атқарушы адам, сондай-ақ осы шартқа қол қою кезінде жеке кәсіпкердің мүддесін сенімді адам білдірген жағдайда жолаушылар агенттігі және тасымалдауышы арасындағы шартқа қол қою құқығына сенімхат.
8. Ұлттық теміржол компаниясы өтінімді және оған қоса ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды және өз тұжырымын қоса ұсына отырып уәкілетті органға келісуге жібереді.
Ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 6-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сонымен қатар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясы өтінім берушіге өтінімді пысықтау және (немесе) жоқ құжаттарды қоса беру қажеттігін көрсетіп, өтінімді үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ұлттық теміржол компаниясы құжаттары қоса ұсынылған пысықталған өтінімді үш жұмыс күні ішінде қарайды және өзінің тұжырымымен бірге уәкілетті органға келісуге жібереді.
9. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық теміржол компаниясының тұжырымын негізге ала отырып, БАЖ-ға рұқсат алу өтінімін жазбаша түрде келіседі.
1) пайдаланушылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдарын БАЖ-ды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және талаптарын әзірлейді;
2) пайдаланушылар арасында БАЖ пайдаланумен жолаушылар тасымалдарын автоматтандыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
3) тасымалдаушылардан сұрау салулар алған кезде Ұлттық теміржол компаниясы БАЖ-ға:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.06.2016 жылғы № 499 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде қырық тоғыз тәулік (қала маңындағы поездарға он үш тәулік) бұрын, бірақ әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруымен байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарттың қолданылу мерзімінен кешіктірмей жол жүру құнының өзгергені; төсек-орын жабдығы мен өзге де сервистік қызметтер құнының теңгеде және швейцария франкінде енгізілгені немесе өзгергені; фирмалық плацкартты, қосылған құн салығының ставкасын, жолаушылар және қала маңындағы поездарға белгіленген мемлекетішілік және халықаралық қатынастардағы тарифтік индекстеу коэффициентін есептеуге арналған индекстеу коэффициентін есепке ала отырып мемлекетаралық жолаушылар тарифінің (бұдан әрі – МАЖТ) базалық тарифін индекстеудің жоғарылату (төмендету) коэффициенттері туралы ақпараттың, билеттерді сату басталатын күні мен поездың жөнелтілу күні, өзгерістердің қолданылу кезеңінің басталуы мен аяқталуы көрсете отырып, енгізілуін;
поездің жөнелтілу күніне дейін кем дегенде қырық тоғыз тәулік бұрын, бірақ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруымен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарттың қолданылу мерзімінен кешіктірмей, жолаушылар поездарына «фирмалық» санатын беру (жою) және жолаушылар поездарына белгіленген МАЖТ базалық тарифін индекстеудің жоғарылату (төмендету) коэффициенттерін есепке ала отырып, фирмалық плацкартты есептеуге арналған индекстеу коэффициентінің мөлшері туралы ақпараттың билеттерді сату басталған күні мен поездың жөнелтілу күні, өзгерістердің қолданылу кезеңінің басталуы мен аяқталуы көрсетіліп енгізілуін;
қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он бес тәулік бұрын халықаралық және республикаішілік қатынастардағы МАЖТ базалық тарифінің тарифтік индекстеу коэффициенттерінің өзгерістеріне арналған ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді және теміржол әкімшіліктеріне жүргізілген өзгерістер туралы жеделхаттарды; қосылған құн салығының ставкасын және комиссиялық алымдардың көлемін, артық жүктердің құнын, багаж бен жүкбагаждың ең жоғары салмағын, пошта-багаж, жолаушылар, жүк-жолаушылар және жүрдек поездардың бос жүрген жолының ставкаларын ұлттық валютада және швейцария франкінде жібереді;
жұмыс түрі бойынша БАЖ орындарды қайтаруды жол жүру құжаттарын ресімдеу авариялық технология бойынша орындалып, БАЖ-дағы орындар туралы ақпаратты поездардағы орындардың нақты жағдайына сәйкес келтіру қажет болған жағдайда, сондай-ақ қолдан сату технологиясы бойынша сатылмай қалған орындарды қайтару үшін жүзеге асырылады;
4) ТМД елдерінің «жазғы (қысқы)» уақытқа көшуіне байланысты жолаушылар поездарына резервте ұстау кезеңінен билеттердің қырық бес тәулік бұрын алдын ала сатылуын жабады;
1) айдың соңғы күні жергілікті уақытпен сағат он екіден кешіктірмей, халықаралық қатынаста жолаушылардың жол жүру, багажды, жүк-багажды тасымалдау құнын, төсек-орын жабдығы мен өзге де сервистік қызметтердің құнын, поштаны тасымалдау ставкасын есептейтін шетел валютасының теңгеге шаққандағы ресми бағамдарының және республикаішілік багажды, жүк-багажды тасымалдау құнын есептеу үшін валюта бағамының өзгергені туралы жеделхаттарды;
2) құрамның, ауыспалы трафарет пен кері шығу орындары нормасының, қатынау кезеңділігінің, өздері қалыптастырған поездарға қозғалыс кестесінің өзгергені туралы ақпаратты;
3) құрамалар схемасының және поездар мен вагондардың қатынау тәртібінің, ауыспалы трафарет пен кері шығу орындары, броньдар нормасының, сатуды реттеу және оның режимінің өзгергені туралы, жолаушылардың ауысып отыруы үшін броньдардың жабылуына арналған байланыстың телеграфтық арналары бойынша жеделхаттарды;
4) жаңа кесте енгізілген кезде поездардың мақсаты туралы ақпараты, броньдық орындардың бөлінгені, броньдарды алып тастау мерзімдері, билеттерді поездарда (вагондарда) сатуды реттеу және оның режимдері, жолаушылар поездарының кестесін әзірлеу туралы бұйрыққа сәйкес мерзімде поездардың қозғалыс кестесінің «жазғы (қысқы)» уақыттарға өзгергені туралы ақпараттан тұратын жеделхаттарын;
5) поездардың қозғалыс кестесінің ауысуы арасындағы кезеңде өзгерістер енгізілетін күнге дейін кемінде бес тәулік бұрын поездардың, багаж және пошталық вагондардың мақсаты (жойылғаны), қатынау жиілігінің өзгергені, поездардың жүру маршруттарының өзгергені туралы жеделхаттарын;
7) қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бес тәулік бұрын республикаішілік қатынастағы багаж бен жүк-багаждың жарияланған құны үшін алынатын алымдар сомасы туралы ақпаратты қосылған құнға салық ставкасының, республикаішілік және халықаралық қатынастарда багаж бен жүк-багажды тасымалдауға арналған базалық тарифтерге индекстеу коэффициентінің өзгергенін ескере отырып, ұсынады.
13. Жаңғыртылған, көшірілген БАЖ жабдығы БАЖ-ға терминал жабдығын қосу (жаңғырту, ауыстыру, көшіру) туралы актіні ресімдеу жолымен пайдалануға қабылданады.
1) жолаушылар агенттіктерінің, тасымалдаушылардың – осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті органның келісімімен Ұлттық теміржол компаниясының жазбаша талаптары негізінде;
2) тасымалдаушымен, жолаушылар агенттігімен шарт бұзылған және (немесе) шарттың мерзімі аяқталған жағдайда – тасымалдаушының Ұлттық теміржол компаниясына жазбаша өтінішінің негізінде;
3) терминал жабдығын заңсыз түрде (актімен ресімделмеген) жаңғырту, алмастыру, орнын ауыстыру фактілері анықталған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясының қызметкерлері жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату пунктінің атауын, пайдаланушының, жабдық орнатылған станцияның атауын, терминалдың каналдық мекенжайы мен қаржылық нөмірін көрсетіп акті жасайды.
15. Терминалдың каналдық және қаржылық мекенжайын алмастыруды талап етпейтін бір елді мекен шегінде БАЖ жабдығының орнын ауыстыру БАЖ-ға терминал жабдығын қосу (жаңарту, алмастыру, көшіру) туралы актімен ресімделеді.
БАЖ жабдығының орнын бір елді мекеннен екінші елде мекенге ауыстырған жағдайда, бұрынғы пошталық мекенжай бойынша ашылған БАЖ-ға рұқсат алынған пункті жабылады. Бұл ретте, БАЖ жүйесіне жаңа жол жүру құжаттарын сату пункті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қосылуы жүзеге асырылады.
Терминалдық жабдықтарды жаңғыртуға, ауыстыруға, орнын ауыстыруға санкция қойылмағандығы (ресімделмеген актілер) анықталған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясының жұмысшылары көрсетілген жағдай анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алған бөлімшенің атауын, пайдаланушының, жабдық орнатылған станцияның атауын, каналдық мекенжайын және терминалдың қаржылық нөмірін көрсете отырып акті жасайды және үш жұмыс күні ішінде қолданушыны БАЖ-дан ажырату жүргізіледі.