Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2018
Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республиксы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12389 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және 141-бабының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі; 
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексеру парақтарының нысаны бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының 
Құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу жөніндегі 
комитетінің төрағасы 
_______________С.М. Айтпаева 
2015 жылғы «____» ___________
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 8 желтоқсандағы
 № 722 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі
1. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс ) сәйкес әзірленген.
2. Әдістеме реттеуші мемлекеттік органдардың тексерулер жүргізу мақсатында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексеру парақтарын әзірлеуіне арналған.
Полная версия
ИС BestProfi