Близость слов: Окончание:





Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қарашада № 12331 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2022 жылғы №40 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 05.03.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2022 жылғы №40 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2022 жылғы №40 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
____________ Б.Сұлтанов 
2015 жылғы 29 қазан 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-2/956 бұйрығымен
бекітілген
Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.02.2022 жылғы №40 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда сұрыптық сынау деп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау түсініледі.
2. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.
3. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде береді.
4. Өтініш өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрыптық сынау саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) беріле отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
5. Хабарлама берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме мен өтініш беруші арасында сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады. Өтінім берушінің қолы қойылған шарт болмаған жағдайда, сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме өтінішті қараудан бас тартады. Тараптар арасындағы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
6. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары «Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19995 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi