Близость слов: Окончание:





Барлық деңгейдегі қала құрылысы кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12414 болып тіркелді
Редакция 28.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 11-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет». ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика   министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 706 бұйрығымен
бекітілген
Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.04.2017 жылғы № 239 Бұйрығымен (20.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.07.2023 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-8) тармақшасына сәйкес әзірленген, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібін белгілейді және қала құрылысын жоспарлау және аумақтарды дамыту саласында Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын құрылыс қызметі барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс субъектілерін басқару үшін міндетті болып табылады.
2. Қағидалар Заңның 64-3-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген «бір терезе» қағидаты негізінде қаржыландыру көздеріне қарамастан барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі – қала құрылысы сараптамасы) жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары үшін қала құрылысы сараптамасы «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
4. Қала құрылысы сараптамасын Заңның 64-4-бабында белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк сараптама ұйымы жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес тапсырыс беруші мен мемлекеттік сараптама ұйымдары арасында жасалған шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік сараптама ұйымы «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына сәйкес сараптама комиссияларын (топтарын) құрайды.
6. Қала құрылысы сараптамасын жүргізу құны «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес анықталады.
Полная версия
ИС BestProfi